Ветрянка туралы мәлімет қазақша

Желшешек ауруы

Желшешек (Varicella немесе ветряная оспа) – бұл ағзаның орташа улануымен және тері мен шырышты қабатта дақты-папулезді- везикулярлы бөртпелермен сипатталатын антропонозды жедел вирусты жұқпалы ауру.

Желшешек тез таралатын аурулар қатарына жатады. Инфекцияны қабылдаушылық өте жоғары. Ересек адамдарда асқынулар балаларға қарағанда көбірек кездеседі.

Тарихи мәліметтер. Алғаш рет бұл ауру туралы XVI ғасырдың ортасында итальяндық дәрігер және анатом Г.Видус жазған.  Varicella деген атауды 1772 жылы неміс дәрігері О.Фогель енгізген. 1911 жылы  бразилиялық дәрігер Э.Арагао көпіршік сұйықтығынан элементарлы вирус денешіктерін (Арагао денешіктері) тауып, қоздырғышты анықтаған.

Этиологиясы. Желшешек қоздырғышы Varicellavirus тегіне, Alphaherpesviridae тұқымдастығына жататын ДНҚ-геномды вирус. Сыртқы ортада төзімсіз: күн жарығы, қыздыру, ультракүлгін сәулелері әсерінен тез жойылады.

Желшешек эпидемиологиясы. Желшешек – антропонозды ауру. Инфекцияның көзі — тек адамдар болып табылған. Ауру өте контагиозды, ауа-тамшылы жолымен беріледі. Ауру қоздырғышы ауа арқылы жұғуы үлкен ара қашықтықтықтарға өтуі мүмкін. Қабылдаушылық өте жоғары, ол әлемнің барлық елдерінде кең таралған. Ауруды көбінесе жас кезде бастан кешіреді. Тіркелген аурулардың жартысына жуығы 5-9 жас аралығындағы балаларда кездескен, ал 1-4 және 10-14 жастағы балалар сирек ауырады. Желшешек ауруының 10% жуығы 15 жастан жоғары балаларға тән. Ауру жылдың суық мезгілдерінде жоғарылайды. Ауырып шыққандарда тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпалары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары болып табылған. Вирус қанға өтіп, содан соң теріге түседі де, ерекше бөртпенің пайда болуын тудырады. Инфекцияның жедел көрінуі басылғаннан кейін, вирус организмде ұзақ сақталады, яғни жасырын инфекция түрінде. Вирус өмір бойы ағзада латентті жағдайда жұлын ганглийлерінде сақталуы мүмкін.

Желшешектің клиникалық көріністері

Желшешектің жасырын кезеңі 10-21 күнге (жиі 14-17 күн) созылады. Алғашқы кезең қысқа, оның клиникалық нышандары жоқ, бар жоғы 1 тәулікке жуық созылады. Ауру бөртпенің пайда болуымен бірден басталады.

Бөртпе кезеңі шешектің аса ерекше білінуі болып табылған. Бөртпенің бірінші элементтері терінің кез-келген жеріне шығуы мүмкін: ішке, жамбасқа, иыққа, кеудеге, бет пен басқа, шаш арасында орналасады. Табиғи шешектен айырмашылығы бұл кезде бетке бөртпе аз шығады, әрі ол кеуде мен аяқ-қолдан кейін кештеу пайда болады. Алғашқыда дөңгелек немесе сопақша формадағы дақтар (5-10 мм) пайда болып, содан кейін дақтың ортасында папула білінеді де, ол везикулаға айналып кетеді. Көпіршіктердің құрылуы әртүрлі формада келеді (дөңгелек, сопақша, күмбез тәрізді). Көпіршіктер сипағанда жұмсақ болады.  Келесі 1-2 тәуліктің ішінде везикула құрғау сатысына өтеді. Көпіршіктерден кейін кейде аздаған тыртықтар қалады, олар бірнеше жыл бойы жоғалмай, көзге көрініп тұрады. Бөртпе элементтерінің мөлшері әртүрлі, яғни 20-70-тен кейде 10-800 дейін байқалатыны белгілі. Бөртпе әр түрлі уақытта дамып, бөртпенің жалған полиморфизмі байқалады.

ветрянка туралы мәлімет қазақшаЖелшешектің терідегі көрінісі

Жел шешектің ерекше білінуі, бөртпе элементтерінің тек қана тері де емес және шырышты қабықтарда да (энантема) дамуы болып табылған. Ол экзантеманың пайда болу мерзімімен бірдей шығады, бірақ науқастардың жарты (20-30%) бөлігінде ғана байқалады. Энантема қатты таңдайға, жаққа, қызыл иекке, тілге жұтқыншақтың арт жағына, ал қыздарда жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына жайылған.

Бөртпе кезеңінде ағзаның улануы әлсіз, аздаған дене қызуы байқалады.

Асқынуылары. Шешек зарарсыз ауру болып есептеледі, алайда кейде оның асқынуы мүмкін (5%). Тері жақтан әртүрлі асқынулар жиі байқалған. Басқа да асқынуларға энцефалит, миокардит, кератит, нефрит, артрит, гепатит қатысты, дегенмен бұлар сирек байқалады. Туа біткен шешек босанғанға дейінгі 4-5 күнде ауырған жүкті әйелдерде дамиды. Сонымен баланың бұл аурумен ауру мүмкіндігі –17% және олардың өлімі-31% жеткен. Туа біткен шешек ауыр өтеді. Ауру босанғаннан кейінгі 6-11 күнде дамиды.

Диагностикасы. Желшешекті шын шешектен, везикулезді риккетсиоздан ажырата білу керек. Шешек жер бетінен жойылған. Белдемелі герпес бөртпесімен және басқа везикулезді бөртпелермен салыстырмалы диагностика жасау қиындық тудырмайды. Кейде ұқсас элементтер бүргенің және басқа жәндіктердің шағып алуы нәтижесінде пайда болады. Вирусологиялық, серологиялық (КБР) әдістер сирек қолданылады.

Емдеуі. Жедел кезеңде науқастар төсек тәртібін сақтауы керек, төсек жаймалары мен іш киімнің тазалығын және қолды таза ұстап, тырнақты алып тұру керек. Этиотропты емдеу ауыр асқынулар кезінде көрсетілген. Соңғы жылдары ацикловир, видарабин сияқты вирусқа қарсы препараттардың нәтижелілігі туралы мәліметтер бар. Антибиотиктер екінші бактериальды микрофлора қосылғанда тағайындалады.

Болжамы. Көп оқиғаларда аурудың болжамы қолайлы.

Алдын алу шаралары. Науқасты соңғы жаңа бөртпе элементтері пайда болғанға дейін, 5 күнге дейін үйде жеке ұстайды. Ал бұрын бұл инфекциямен ауырмаған, жел шешекпен ауырған науқаспен байланыста болған 7 жасқа дейінгі балаларды 21 күн оңаша жатқызады. Шел шешекке қарсы вакцина жоқ.

Желшешек (лат. Varicella, гр. Ανεμοβλογιά) — инфекциялық ауру, вирустан тарайды.

Мұнымен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Желшешекпен ауырып жазылған адамда күшті иммунитет қалады. Желшешек ауа арқылы тарайды. Сырқаттың инкубациялық (жабық) кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14—15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 3—5 күн өткеннен кейін бөрткеннің көбеюі тоқтайды да, температура төмендеп, қалпына келеді, бөрткен қара қотырланып, 1,5—2 аптадан соң оның қабығы түседі. Кейде барлық ауырғай кезеңде температурасы көтерілмей, әдеттегідей бір қалыпты болады.

Ауру адам сырқаттың инкубациялық кезеңінің соңғы күнінен бастап және бөрткен шыққаннан кейінгі 9-күнге дейін жұқпалы болып есептеледі. Әдетте желшешек жеңіл өтеді, бірақ кейде (әлжуаз балаларға шыққанда) асқынатын да кезі болады, терісі іріңдейді, құлақтары мен аузының шырышты қабығы т. б. қабынып ауырады. Сырқат баланы мұқият күтімге алу керек. Аурудың денесі бөртсе, оның үстіне температурасы көтерілсе, сырқатты қозғалтпай жатқызып қойған дұрыс. Төсек — орын жаймасын жиі-жиі алмастырған жөн. Сондай-ақ теріні күтудің де маңызы зор. Баланың денесінде бөрткеннің болғанына қарамастан оны қайнаған сумен немесе қызғылтым етіп езілген калий перманганатымен («марганцовка») жуады (мақтаны пайдаланып, өте еппен); ал қолын сабындап жуу керек. Бала терісін қасып, тырнап тастамауы үшін қолының тырнағын алып, дәкеден қолғап тігіп кигізу қажет. Бөрткенді 1 проценттік калий перманганатының немесе 1—2 проценттік бриллиантты зеленка ерітіндісімен сүртсе, ол көп қышымайтын болады. Баланың ерніне тұзсыз сары май немесе қайнатылған күнбағыс майын жағып, сусынды көп ішкізу керек. Кішкентай баланың таңдайын салқын шаймен немесе қайнаған сумен жібітіп отырады. Сондай-ақ сәбидің танауының тазалығына баса назар аудару қажет. Танауындағы жараның қабығын вазелин жағылған немесе қайнатылған күнбағыс майына шыланған мақтамен сүртіп тазалайды.

Науқас балаға ең қажетті нәрсе — таза ауа мен жарық. Мұндай балаларды шаңсыз, жел тимейтін, тыныш жерде, дені сау балалардан бөлек серуендету қажет. Баланың температурасы төмендеп, бөрткеннің қайталап шығуы тоқтағаннан кейін, яғни бұрынғы бөрткендері қара қотырланған соң серуенге шығаруға болады. Серуендету режимін дәрігермен келіскен жөн.

Сәбиді дұрыс тамақтандыру керек. Температурасы көтерілгенде ол тағамнан бас тартады, сырқаты асқынған кезінде кішкентай балалардың іші өтеді, құсалы. Мұндай жағдайда баланы зорлап тамақтандыруға болмайды, тек 6—12 сағаттан кейін тамақтандырып, сусынды көп ішкізу қажет. Егер баланың аузы уылып, ол тағамнан бас тартса, оған сұйық немесе, жұмсартып пісірілген қоймалжың тағам (жылытып) беру керек (үгітілген көкөніс сорпасы, ботқа, көкөніс пюресі, кисель). Балаға қышқыл және ащы тағам беруге болмайды. Әсіресе іштің жүруін бақылап отыру керек. Үлкен дәреті жүрмей қалғанда клизма қойып, іші өтсе дәрігер келгенше тамақтандырмай, қайнаған суды немесе суыған шайды көп ішкізу қажет.

Желшешек шыққанда дезинфекция жасамайды; науқас бала жатқан бөлмені желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп алса жеткілікті. Науқаспен жақындасқан 7 жасқа дейінгі баланы 11 күннен 21 күнге дейін оңашалау керек (жақын араласқан алғашқы күннен бастап).

Дереккөздер

  1. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Желшешек – өте қауіпі, вирусты этиологиялы жедел инфекционды ауру. Көбінесі балалар ауырады, бала бақшаға баратын немесе мектеп жасындағы балалар . Желшешек ауруы бала кезінде жеңіл түрде өтеді; емізулі балаларда, үлкендерде және иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді. Желшешек тұқымқуалау ауруына жатпайды.

Аурудың көзі – ауру науқас болып саналады. Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Аурудың таралу  ауа-сілекей жолы арқылы таралады, вирус сойлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде көп мөлшерде шығады.  Вирус жәнеде вертикальді механизм түрде таралады , анасынан құрсақтағы балаға берілуі, егерде  анасы жүктілік кезіңде желшешек ауруымен ауырса. Адамдардың желшешек ауруына сезімталдығы жасына байланысты. 6 айға дейіңгі балалар іс жүзінде  ауырмауы мүмкін, анасынан берілген иммунитетіне байланысты. Өсе келе  сезімталдығы жоғарлап және іс жүзінде баланың бірінші кездесуі инфекцияның қоздырғышының бастауымен зарарлануына келтіреді. Қоршаған ортада вирус тұрақты емес және тез өледі. Вирус ауру адамның көрінетін сілемейлерінде және терісінде орналасқан көпіршіктерден сыртқы ортаға бөлініп шығады. Ауру қоршаған ортаға бөртпенің пайда болуына 2-3 күн бұрын және соңғы көпіршік пайда болғаннан кейін 5 күн қауіпті болып саналады. Осы кезде науқасқа желшешекпен ауырмаған адамдарды қарым-қатынаста ұстауға болмайды, өйткені жұғу көзі жоғары. Сау бала науқас баламен қарым- қатынаста болған жағдайда, оларды 21 тәулікке каратинге немесе жеке ұстайды, егерде қарым- қатынас болған күнін нақты білген жағдайда , 11-ші тәуліктен бастап қатынас болған күннен 21-ші тәулікке дейін жекелендіреді.

Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмай өтеді. Желшешек алғашында баланың жалпы жағдайының өзгеру белгілерінен басталады: дене қызуы 38*С көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Осы кезде баланың бетінде, шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер бастапқыда макуло-папулезды 2-4 мм болса, тез арада (5-6 сағаттың ішінде) везикулаларға – іші мөлдір сұйықтыққа толы көпіршікті бөртпелерге айналады. Бөртпелер мен көпіршіктер қатты қышиды. Бұл көпіршіктердің ішіндегі сұйықтық кейіннен өзгеріп, іріңді көпіршіктерге айналуы мүмкін. Бірақ олардың айналасындағы тері қабаты өзгермейді, сөйтіп 1-2 күннің ішінде көпіршіктер құрғап, қабыршақтармен жабылады. Қабыршақтар құрғап түскеннен кейін орнында дақ қалмайды. Желшешек ауруында бөртпелер қабыршақтанып жатса, осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады. Осыған байланысты аурудың жағдайының ауырлығын анықтайды.

Балаларда папула және көпіршіктер ауыз қуысының көрінетін сілемейлерінде байқауға болады, олар афтозды жараға дейін айналады. Аурумен қайталап ауруы мүмкін емес, өйткені организмді тұрақты иммунитет пайда болады.

Емі:   ауру баланы көбінесе  үйде оңашалайды.  Стационарда тек клиникалық көрсеткіштерге байланысты емделеді. Спецификалық ем дәрігердің тағайындауымен вирусқа қарсы препараттар қабылдайды. Ұсынылады төсектік тәртіп, көп сұйықтықты ішу,айран- сүт тағамдары қабылдау, баланың жеке басының, киім-кешегінің, төсек орнының, бөлменің тазалығын қатаң сақтау. Баланың тырнағын қысқа қылып алып тастау керек. Себебі бала бөртпелерді қасыған кезде микробтар еніп, бөртпелер жараға айналады. Көпіршіктер тез кебу үшін бөртпелерге калий перманганатының (1-2 пайыздық) ерітіндісін немесе калий марганец қышқылының (10 пайыздық) ерітіндісін, жасыл дәрі (зеленка) жағу керек.

Желшешектің асқынуы:

Желшешек ауруы көбінесе бактериальді инфекция ауруларына алып келеді: вирусты пневмония (өкпенің инфекциясы, белгілі вируспен шақырылған және қызба белгілерімен өтетін, жөтел және демікпе); энцефалит. Бас миының вирусты энцефалит ауруы, сирек кездесетін түрі. Оның белгілерін біліп жүрген дұрыс: қызба, есінің тануы,ұмытшақтық, шаршағыштық және бірден бас ауырсынуы, аяқ-қолдарына таралатын. Осы белгілер болған жағдайда дереу науқасты дәрігерге алып келу керек.

Аурудың алдын алу: ауруды анықтағаннан бастап жекелендіреміз, бөлменің ауасын тазартып және ылғалды тазалық жүргіземіз. Міндетті түрде бөлмеде ауа- жылулық тәртібін сақтау керек.Егерде отбасында біреу ауырып қалған жағдайда, міндетті түрде дәрігер шақыру керек.

Ата- аналар міндетті түрде осы ауру жайлы біліп жүрген жөн, ең бастысы- ауруды уақытысында және өткізіп алмау керек.

Ескерту: желшешек ауруы кезінде баланың дене қызуы көтерілсе, оған ешқашан аспирин дәрісін беруге болмайды.

    Желшешек – өте қауіпі, вирусты этиологиялы жедел инфекционды ауру. Көбінесі балалар ауырады, бала бақшаға баратын немесе мектеп жасындағы балалар . Желшешек ауруы бала кезінде жеңіл түрде өтеді; емізулі балаларда, үлкендерде және иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді. Желшешек тұқымқуалау ауруына жатпайды.

    Аурудың көзі – ауру науқас болып саналады. Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Аурудың таралу  ауа-сілекей жолы арқылы таралады, вирус сойлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде көп мөлшерде шығады.  Вирус жәнеде вертикальді механизм түрде таралады , анасынан құрсақтағы балаға берілуі, егерде  анасы жүктілік кезіңде желшешек ауруымен ауырса. Адамдардың желшешек ауруына сезімталдығы жасына байланысты. 6 айға дейіңгі балалар іс жүзінде  ауырмауы мүмкін, анасынан берілген иммунитетіне байланысты. Өсе келе  сезімталдығы жоғарлап және іс жүзінде баланың бірінші кездесуі инфекцияның қоздырғышының бастауымен зарарлануына келтіреді. Қоршаған ортада вирус тұрақты емес және тез өледі. Вирус ауру адамның көрінетін сілемейлерінде және терісінде орналасқан көпіршіктерден сыртқы ортаға бөлініп шығады. Ауру қоршаған ортаға бөртпенің  пайда болуына 2-3 күн бұрын және соңғы көпіршік пайда болғаннан кейін 5 күн қауіпті болып саналады. Осы кезде науқасқа желшешекпен ауырмаған адамдарды қарым-қатынаста ұстауға болмайды, өйткені жұғу көзі жоғары. Сау бала науқас баламен қарым- қатынаста болған жағдайда, оларды 21 тәулікке каратинге немесе жеке ұстайды, егерде қарым- қатынас болған күнін нақты білген жағдайда , 11-ші тәуліктен бастап қатынас болған күннен 21-ші тәулікке дейін  жекелендіреді.

    Клиникалық белгілері:

    Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмай өтеді. Желшешек алғашында баланың жалпы жағдайының өзгеру белгілерінен басталады: дене қызуы 38*С көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Осы кезде баланың бетінде, шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер бастапқыда макуло-папулезды 2-4 мм болса, тез арада (5-6 сағаттың ішінде) везикулаларға – іші мөлдір сұйықтыққа толы көпіршікті бөртпелерге айналады. Бөртпелер мен көпіршіктер қатты қышиды. Бұл көпіршіктердің ішіндегі сұйықтық кейіннен өзгеріп, іріңді көпіршіктерге айналуы мүмкін. Бірақ олардың айналасындағы тері қабаты өзгермейді, сөйтіп 1-2 күннің ішінде көпіршіктер құрғап, қабыршақтармен жабылады. Қабыршақтар құрғап түскеннен кейін орнында дақ қалмайды. Желшешек ауруында бөртпелер қабыршақтанып жатса, осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады. Осыған байланысты аурудың жағдайының ауырлығын анықтайды.

    Балаларда папула және көпіршіктер ауыз қуысының көрінетін сілемейлерінде байқауға болады, олар афтозды жараға дейін айналады. Аурумен қайталап ауруы мүмкін емес, өйткені организмді тұрақты иммунитет пайда болады.

    Емі:   ауру баланы көбінесе  үйде оңашалайды.  Стационарда тек клиникалық көрсеткіштерге байланысты емделеді. Спецификалық ем дәрігердің тағайындауымен вирусқа қарсы препараттар қабылдайды. Ұсынылады төсектік тәртіп, көп сұйықтықты ішу,айран- сүт тағамдары қабылдау, баланың жеке басының, киім-кешегінің, төсек орнының, бөлменің тазалығын қатаң сақтау. Баланың тырнағын қысқа қылып алып тастау керек. Себебі бала бөртпелерді қасыған кезде микробтар еніп, бөртпелер жараға айналады. Көпіршіктер тез кебу үшін бөртпелерге калий перманганатының (1-2 пайыздық) ерітіндісін немесе калий марганец қышқылының (10 пайыздық) ерітіндісін, жасыл дәрі (зеленка) жағу керек.

    Желшешектің асқынуы:

    Желшешек ауруы көбінесе бактериальді инфекция ауруларына алып келеді: вирусты пневмония (өкпенің инфекциясы, белгілі вируспен шақырылған және қызба белгілерімен өтетін, жөтел және демікпе); энцефалит. Бас миының вирусты энцефалит ауруы, сирек кездесетін түрі. Оның белгілерін біліп жүрген дұрыс: қызба, есінің тануы,ұмытшақтық, шаршағыштық және бірден бас ауырсынуы, аяқ-қолдарына таралатын. Осы белгілер болған жағдайда дереу науқасты дәрігерге алып келу керек.

    Аурудың алдын алу: ауруды анықтағаннан бастап жекелендіреміз, бөлменің ауасын тазартып және ылғалды тазалық жүргіземіз. Міндетті түрде бөлмеде ауа- жылулық тәртібін сақтау керек.Егерде отбасында біреу ауырып қалған жағдайда , міндетті түрде дәрігер шақыру керек.

    Ата- аналар міндетті түрде осы ауру жайлы біліп жүрген жөн, ең бастысы- ауруды уақытысында және өткізіп алмау керек.

    Ескерту: желшешек ауруы кезінде баланың дене қызуы көтерілсе, оған ешқашан аспирин дәрісін беруге болмайды.

    Дайындаған: Балалар инфекционист дәрігер Абилтаева А.Ж.